Лондондағы жарылыста 10 адам зардап шекті

Лондонның солтүстігіндегі Стэмфод Хилл ауданында жарылыс салдарынан 10 адам зардап шекті.

963261
Лондондағы жарылыста 10 адам зардап шекті

Ұлыбританияның астанасы Лондонның солтүстігіндегі Стэмфод Хилл ауданында ұйымдастырылған фестиваль барысында болған жарылыс салдарынан 10 адам зардап шекті.

Лондон полициясы басқармасынан жасалған мәлімдемеде «Стэмфод Хилл ауданында жергілікті еврей қауымдары құттықтау жасап жатқан кезде болған жарылыс кесірінен 10 адам жарақат алды» деген сөздер қолданылды.

Басылымның мәлімдеуінше, оқиға от жағылып тойланатын Лаг ба-Омер еуропалық мерекесін атап өту үшін көп адам жиналатын ауданда болған.

Жараланған 10 адам оқиғадан кейін бірден ауруханаға жеткізілген, қалғандары сол жерде қаралды. Оқиға орнындағы видеода от жағылғаннан кейін жарылыс болып, жалын оған бірнеше метрде тұрған адамдарды шарпығаны көрініп тұр.


Этикеттер: #Лондон , #жарылыс

Ұқсас жаңалықтар