Қытайдағы бір мектептегі шабуылда 7 оқушы қаза тапты
Қытайдың Шанси провинциясындағы Мичжи ауданының мектебінде қанды оқиға болды.
960357
Қытайдың Шанси провинциясындағы Мичжи ауданының мектебінде қанды оқиға орын алып, 7 оқушы қаза болды.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, 1990 жылғы ер азамат 27 сәуір күні кешқұрым аудандық №3 орта мектеп оқушыларына пышақпен шабуыл жасады.
Зардап шеккен оқушылардың 7-еуі оқиға орнында көз жұмса, тағы 2-еуі ауруханада жан тапсырған. Қазір дәрігерлер ауыр жарақат алған 10 оқушының өмірін сақтап қалуға тырысуда.
Жергілікті полицияның айтуынша, 28 жастағы қандықол қылмыскер көп кешікпей қолға түсті.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль соғысты жалғастырудың жаңа жоспарларын мақұлдады
Бұл туралы Израиль армиясы баспасөз хатшысының мәлімдемесінде айтылды.