Халықаралық конференция ұйымдастыруға шақырды

Аббас Рамалла қаласында «Халықаралық Ислами конференцияда» сөз сөйледі.

949649
Халықаралық конференция ұйымдастыруға шақырды

Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас Израильмен бейбітшілік келіссөзі тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастыруға шақырды.

Аббас Рамалла қаласында «Халықаралық Ислами конференцияда» сөз сөйледі.

Осында сөйлеген сөзінде Палестина басшысы Израильмен келіссөзде бітімгерлік қызметін атқаратын жан-жақты механизм қалыптастырылуын ұсынды.

Аббас бұл үшін тағы бір рет халықаралық бейбітшілік конференциясын ұйымдастыруға шақырды.

«АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде тануынан кейін АҚШ-тан ешнәрсе қабылдамаймыз. Хақ пен тарих Иерусалимнің Палестинаның мәңгі астанасы екенін дәлелдейді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар