Еуроодақ Сирияда жасалған химиялық қару шабуылын айыптады

Еуроодақ Сыртқы қатынастар бөлімшесі Дума ауданына жасалған химиялық қару шабуылына қатысты мәлімдеме жасады.

947093
Еуроодақ Сирияда жасалған химиялық қару шабуылын айыптады

Еуроодақ Асад күштерінің Думадағы химиялық қару шабуылын қатаң түрде айыптады.

Еуроодақ Сыртқы қатынастар бөлімшесі оқиғамен байланысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Сирияда Асадқа қарасты күштердің қоршауындағы Шығыс Гутаға қарасты Дума ауданында құрамында улы газ бар химиялық қарумен жасалған шабуылға режимнің жауапты болғанын көрсеткен дәлелдер бар екенін атап көрсетті.

Еуроодақтың шабуылды қатаң түрде айыптағанына орын берген мәлімдемеде халықаралық қоғам шабуылды жауапсыз қалдырмау үшін жылдам қозғалуға шақырылды.

Мәлімдемеде шабуылдың жауапкерлерін жазаға тарту керектігі аталып, режим қолдаушылары Ресей мен Ираннан келешекте болуы ықтимал шабуылдардың алдын алу үшін ықпалдарын қолдануы талап етілді.

Одақтың химиялық қаруларды қолданумен күресін жалғастыратыны атап көрсетілген мәлімдемеде бейбіт халықты қорғаудың алдынғы мәселе екені білдірілді.

Асад күштері Шығыс Гутада оппозицияның бақылауындағы соңғы тұрғын аймағы Дума ауданына сенбі күні жасаған химиялық қару шабуылында 78 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар