Германиядағы түріктер террорға қарсы ереуіл жасады

Қолдарында түрік байрағын алған мөлшермен мың адам ұран салып террорды лағынат етті.

946256
Германиядағы түріктер террорға қарсы ереуіл жасады

Германияның Вупперталь қаласында көптеген түрік «Мешітіңе ие шық» деген ұран салып, террорға қарсы ереуіл ұйымдастырды.

Қолдарында түрік байрағын алған және алаңға жиналған мөлшермен мың адам ұран салып террорды лағынат етті.

Шерушілер «Жоғалсын PKK», «Шейіттер өлмейді, отан бөлінбейді», «Мешітіңе ие шық» секілді ұран салып көшеде ілгеріледі.

Шеруді ұйымдастырушының бірі Мұрат Гүнеш Германияда мешіттерге жасалған тағылық шабуылдарды айыптап, әртүрлі террорды лағынат ету үшін ереуіл ұйымдастырғандарын білдірді.

Гүнеш «Мешіттерімізге аяусыз шабуыл жасалуда. PKK Германияның әр жерінде бар. Біз түріктер болып, енді демократиялық құқығымызды қолдана отырып террор ұйымдарына қарсы ереуіл жасаудамыз» деді.

 


Этикеттер: #Германия , #шейіттер

Ұқсас жаңалықтар