Афринде таза ауыз суы беріле бастады

Африн ауданының бір бөліміне Түркияның бастамасымен су беріле бастады.

944926
Афринде таза ауыз суы беріле бастады

Африн ауданының бір бөліміне Түркияның бастамасымен су беріле бастады.

Түрік Қарулы күштері тарапынан жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясы аясында терроризмнен тазаланған Сирияның Африн ауданында тұрмыс қалпына келе бастады.

Қалада террорлық ұйым PKK/PYD-YPG террористтері ор қазып,  туннельдер ашып тастаған. Сондықтан су желісі зардап шеккен.  Кейбір жерлерде террористтер су құбырларын тығындап кеткен.

Аймақта көптеген ауыз су желісі өте ескі болғандықтан денсаулыққа зиянды жағдай ортаға шығып,  кейбір жерлерде су желісіне канализация су араласып кеткен.

Түркияның бастамасымен ауданда олқылықтардың толықтырылуы жұмыстары басталды. Африн аудан орталығы мен төңірегіне су жеткізу үшін жұмыстардың бір бөлімі тамамдалды.

Аудан орталығына жететін каналдар мен құбырлар тазаланып,  жөндеуден өтті.  Таза ауыз суы аудан орталығындағы кейбір жерлерге беріле бастады.



Ұқсас жаңалықтар