АҚШ президенті Сирия жоспары туралы мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядан шегінуді шын мәнінде ойлағанын атап көрсетті.

944017
АҚШ президенті Сирия жоспары туралы мәлімдеді

Трамп Ақ Үйде Литва президенті Даля Грибаускайте, Латвия президенті Раймондс Вежонис және Эстония президенті Керсти Калжулайдпен ортақ өткізген баспасөз жиналысында Сирия жоспары жайлы мәлімдеді.

Трамп «Сириядан кері оралудың уақыты келді, мұны шын мәнінде ойлаймын. АҚШ-тың Сириядағы болмысы өте үлкен шығын келтіруде. Сириядан шегінгім келеді. Қорғаныс министрімен әңгімелесемін» деп мәлімдеді.

«Әскерлеріміздің үйлеріне оралуларын қалаймын. Ұлтымызды қайта жандандыруым келеді» деген Трамп АҚШ әскерлерінің ДАИШ-тің жеңілуінің артынан Сириядан шегінетінін атап көрсетті.

Трамп «Алғашқы міндетіміз ДАИШ-тен құтылу. Бұл міндетті аяқтауға жақынбыз. Жақында шешім қабылдаймыз» деді.

Трамп АҚШ әскерлері Сирияда қалған жағдайда шығындарының аймақтық мемлекеттер тарапынан қамтамасыз етілу керектігі аталып, Сауд Арабиясының шығындарды төлей алатынын атап көрсетті.

Трамп «Сауд Арабиясы шешімдерімізді қадағалауда. Оларға ‘Сирияда қалуымызды қаласаңыз, шығындарын бәлкім сіз төлейтін боласыз’ дедім» деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Трамп 29 наурызда Огайода қатысқан бір митингте «Сириядан жақында шегінеміз. Басқа елдер айналыссын» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар