TRT тілшілері Африндегі қауіпсіздік ғимаратын түсірді

Ғимараттың қасында абақтылар орналасқан.

937767
TRT тілшілері Африндегі қауіпсіздік ғимаратын түсірді

Террористтердің Африндегі ғимаратын Түркия Радио-теледидар корпорациясы тілшілері түсіріп алды.

PKK террорлық ұйымының Сириядағы тармағы PYD-YPG ұйымы Африн қаласын 6 жыл басып алып тұрды.  Террористтер туннель салып,  ор қазып, штаб қалыптастырып,  қала халқына зұлмат көрсетті.

Террористтердің орталық ғимараттарының бірі де – қауіпсіздік ғимараты.

Төңірегі сымдармен және бетон блоктармен қоршалған ғимараттың алдында террористтер жойған сауытты бір көлік тұр.

Ғимараттың қасында абақтылар орналасқан.

TRT тілшілер тобы осы ғимараттағы бір адамдық қапастар, жазаланған халық қамалған бөлмелерді түсірді.

Қаладағы барлау істері террорлық ұйымның Африндегі зұлымдығын әшкереледі.  



Ұқсас жаңалықтар