Терроризмнен азат етілген ауылда балалар мектепке бара бастады

Африн терроризмнен азат етілді,  балалар мектепке бара бастады.

937811
Терроризмнен азат етілген ауылда балалар мектепке бара бастады

Африн терроризмнен азат етілді,  балалар мектепке бара бастады.

Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында террористтік ұйымдарды залалсыздандыру,  дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясының арқасында терроризмнен азат етілген Афринде түрік әскерлері мектептерді жөндеуден өткізіп жатыр.

Осы аяда көп уақыттан бері жұмыстанып келген Анкараның Кечиөрен муниципалитеті терроризмнен зардап шеккен Афринге 5 км қашықтықтағы Әл Джавиз ауылындағы мектепті жөндеп шықты.

160 оқушы оқитын мектепті жөндеуден өткізген муниципалитет мектепке үстел,  тақта, балалар ойнайтын материалдарды жеткізді. Оқушыларға қалам-қағаз және киім таратты.

Террорлық ұйымның қысымы салдарынан мектепті тастап кеткен балалар екі жылдық үзілістен кейін мектепке қайта бара бастады.



Ұқсас жаңалықтар