Грекия мәжілісінің түрік депутатына нәсілшіл шабуыл

Радикал оңшыл Алтын таң партиясы депутаты SYRIZA депутаты Мұстафа Мұстафаға нәсілшіл сөздермен шабуылдады.

924362
Грекия мәжілісінің түрік депутатына нәсілшіл шабуыл

Грек Мәжілісінде радикал оңшыл Алтын таң партиясы депутаты Эллиас Кассидиарис SYRIZA-ның Родоп депутаты Мұстафа Мұстафаны нәсілшіл сөздермен қорлап, шабуылдады.

Грек баспасөзіне қарағанда Сыртқы істер министрі Никос Кочиадистің Кипр мәселесі және Түркия мен қарым-қатынастар тақырыпты баяндамасын оқыған кезде Кассидиарис Мұстафаның Мәжіліс отырысынан шығарылу керектігі жөніндегі мәлімдемесі дау-дамай туғызды.

Кассидиарис Мұстафаны нысанаға алып, «Түрік депутатты қатарымызға қоса алмаймыз. Түрік тыңшысы сыртқа шық» деп айқай салды.

Комитеттің SYRIZA мүшесі Никос Ксидакис пен оппозициядағы Жаңа демократиялық партия депутаты Йоргос Коумоучакостан бастап, көптеген депутат Алтын таң партиясы депутатының нәсілшіл сөздеріне наразылық көрсетті.

Отырыстың қызуы артқан соң қауіпсіздік қызметкерлері залдың есігіне үйілді. Алайда қысқа уақыт өткен соң дау-дамай тоқтап отырыс айта жалғасты.



Ұқсас жаңалықтар