Химиялық қару қолданды

Асад билігі Шығыс Гутаға химиялық қарумен шабуылдады.

923566
Химиялық қару қолданды

Сирияда Башар Асад билігі қоршаудағы Шығыс Гутаға хлор газын қамтыған химиялық қарумен шабуылдады.

Бұл 30 адамға қатты әсер етті.  Олардың арасында балалар мен әйелдер де бар.

Шығыс Гутадағы Азаматтық Қорғаныс орталығының дерегіне қарағанда билік кеше түнде Хамурие өңіріне шабуылдады.  Зардап шеккендердің екуі – Азаматтық қорғаныс қызметкерлері.

Асад билігі соңғы рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 24 ақпан күні бір айлық атысты тоқтату шешім қабылдаған күннің ертеңіне Шығыс Гутада химиялық қару қолданған болатын.

Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы 27 ақпаг күні Шығыс Гутада соңғы кездері жиілеген химиялық қару шабуыл хабарларына тексеру бастаған еді.

Билік Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымына берген уәдесі бойынша химиялық қаруды 2014 жылдың 19 тамыз күні қолдануын доғарған болуы керек еді.



Ұқсас жаңалықтар