"Киркук бейбіт қала" болып қалады

Хайдар Әл-Абади  Киркуктың «бейбіт қала» болатынын білдірді.

919653
"Киркук бейбіт қала" болып қалады

Ирак премьер-министрі Хайдар Әл-Абади Киркук қаласының қауіпсіздігіне көңіл бөлгендерін айтып,  Киркуктың «бейбіт қала» болатынын білдірді.

Абади бас қала Бағдатта баспасөз мәслихатында Киркуктағы қауіпсіздікке тоқталды.

«Киркуктың қауіпсіздігіне көңіл бөлудеміз.  Киркук бейбіт қала болып қалады» деді ол.

Ирак Күрд аймақтық әкімшілігіндегі мемлекеттік қызметкерлердің айлығының төленуіне байланысты Абади: «Бағдаттан жіберілген комитет жұмыстарын жалғастыруда.  Қорытындысын жақында көреміз» деді.

Абади ел территориясының террорлық ұйым ДАИШ-тен тазалануы үшін жұмыстанғандарын айтып, Ирак пен Сирия шекарасында бақылауды қолға алғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар