Бөлшектеуші террор ұйымы PYD/PKK-ның бұрынғы басшысы ұсталды
Қызыл бюллетенмен Түркия іздеу салған бөлшектеуші террор ұйымы PYD/PKK-ның бұрынғы тең төрағасы Салих Мүслим Чехияда тұтқындалды.
Бөлшектеуші террор ұйымы PYD/PKK-ның қызыл бюллетенмен іздеу салынған бұрынғы тең төрағасы Салих Мүслим Чехияның бас қаласы Прагада ұсталды.
Полиция лауазымдылары жасаған мәлімдемелерге қарағанда Чехия интерпол бөлімшесі Мүслимнің 24 ақпан күні Прагада Түркияның сұранысы және жеткізген тұтқындау тапсырмаларына сәйкес тергеуге алынғаны түрік мекемелеріне жеткізілді.
Чехия мекемелері Мүслимді тұтқындау шешімін сот қабылдайтынын, шешімнің дәл кезінде түрік тарапына жедел жеткізілетінін атап көрсетті.
Түркия Республикасының Чехиядағы өкілетті және төтенше елшісі Ахмет Неджати Бигалы Мүслимнің Түркияға кері қайтарылуы сұранысын Чехия Сыртқы істер министрінің орынбасарына жеткізгенін жариялады.
Тергеуге алынған Мүслимнің Прага полиция орталығы ғимаратында тергеуде екенін атап көрсеткен Бигалы кері қайтару процесі тақырыбында екі елдің Әділет министрлігі лауазымдыларының әңгімелесетінін білдірді.
Өкілетті елші Бигалы кері қайтару талабының Чехия мекемелеріне жеткізілуімен заңды процестің басталатынын атап, «Чехияның ынтымақтастықпен қозғалғанын» білдірді.
Чехия мекемелері Түркияның Мүслимді кері қайтару үшін қажетті құжаттарды дереу дайындап өздеріне жеткізілуін талап етті.
Әділет министрлігі болса кері қайтару құжаттарын дайындап Чехияға жолдайды.
PYD/PKK-ның қызыл бюллетенмен іздеу салынған бұрынғы тең төрағасы Салих Мүслимнің есімі Ішкі істер министрлігінің 4 миллион лиралық сыйақы тіккен террор тізімінде орын алады.
Ұқсас жаңалықтар
Трамп «Бұл соғысты аяқтау керек» деді
Трамп Зеленскийдің соғысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын екенін айтты.