Пентагон террор ұйымына жарты миллиард доллар бюджет бөлді
Петагон PKK/KCK/PYD-YPG террор ұйымына биыл жарты миллиард доллар қаржы бөлгенін мойындады.
АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG-ге биыл үшін жарты миллиард доллар бюджет бөлді.
Пентагон дайындаған Сирия рапортына қарағанда АҚШ-тың өткен жылмен салыстырғанда, ұйымға бөлген бюджет 70 миллион доллар көп.
Террор ұйымына берілетін көліктер, минометтер, танкқа қарсы зымырандар және автоматтар орын алған ауқымды тізім үшін 433 миллион доллар бөлінді.
Рапортта 1 данасы 17 мың доллар болған ауыр автоматты қарулардың 3 мың 500 дана сатып алынатыны көрсетіліп, 3 мың 500 доллар шығынды PKM атты автоматтарға қоса 20 миллион долларлық бюджет бөлінгені байқалады.
Қалған шамамен 67 миллион долларлық бюджет болса террористтерге денсаулық сақтау қызметі және қатынас шығындары үшін бөлінген.
Вашингтон әкімшілігі террор ұйымына жалғыз қару-жарақ бермейді, содырларының санын да арттырады.
25 мың болғаны атап көрсетілген террорист санының жылдың аяғына дейін 30 мыңға жеткізілетіні де рапортта атап көрсетілген.
Ұқсас жаңалықтар
Трамптың екінші президенттік мерзімі басталады
Ұлықтау рәсімі ауа райының салқындығына байланысты конгресс ғимаратының ішіне көшірілді.
Хамас «Атысты тоқтату келісімінде Түркияның ықпалы зор» деді
Бұл туралы Хамас саяси бюросының мүшесі Мұхаммед Наззал мәлімдеді.