Македония есіміне қарсы шықты

Афиныда жүз мыңдаған адам шеруге шықты.

903770
Македония есіміне қарсы шықты

Грекияның бас қаласы Афиныда жүз мыңдаған адам шеруге шықты.  Олар Македониямен арадағы «ел атауы проблемасына» байланысты наразылықтарын білдірді.

Грек және македон үкіметі арасында «атау проблемасына» байланысты келіссөзде Македония атауы қолданылған жаңа бір атқа қарсы шыққан шерушілер қала орталығына жиналды.

Шерушілер «Македония- гректердікі, Македониядан қолыңды тарт» деп ұран салды. Оларға грек шіркеуі де қолдау көрсетіп,  көптеген монах пен поп шеруге қатысты.

Түркия секілді көптеген ел Македонияны атазаңды есімі Македония ретінде таниды.  Ал Грекия болса өз территориясында Македония деп аталатын аймақ болғандықтан, осы елдің атын өзгертуін талап етуде.

Македония тәуелсіздік жарияланған 1991 жылдан бері оңтүстіктегі көршісі Грекиямен арасындағы осы проблемаға байланысты Еуроодақ және НАТО-ға мүше бола алмай отыр.

БҰҰ Бас ассамблеясында Македония халықаралық тұрғыдан танылған болатын.  Алайда Грекияның наразылығына орай уақытша Бұрынғы Югославия республикасы Македония деген атпен мүшелікке қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар