Катар мен НАТО арасында қауіпсіздік келісіміне қол қойылды

Брюссельдегі орталықта қол қойылған келісім ақпарат бөлісу мен қорғаныс саласы тақырыптарын қамтиды.

891834
Катар мен НАТО арасында қауіпсіздік келісіміне қол қойылды

Катар Қорғаныс министрлігі НАТО-мен қауіпсіздік келісіміне қол қойды.

Министрлік келісімдеріне жауапты Рухани бағдар басқармасының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі орталықта НАТО-мен қауіпсіздік келісіміне қол қойылды.

Катар қарулы күштері Халықаралық Әскери ынтымақтастық делегациясы төрағасы Тарык Халид Абдели мен НАТО Бас хатшысының орынбасары Роуз Готемоеллер қол қойған келісімнің барлық ақпарат бөлісу мен қорғаныс саласы тақырыптарын қамтығаны атап көрсетілді.

Тараптар 2004 жылы Стамбұлда болып өткен саммит аясында жүзеге асқан ынтымақтастықтың маңызына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар