АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жедел жинайтынын жариялады

БҰҰ тұрақты өкілі Никки Халей Ирандағы дағдарыспен байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жиналысқа шақыратындарын жариялады.

880579
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жедел жинайтынын жариялады

АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) тұрақты өкілі Никки Халей Иранда жалғасқан протест шерулерімен байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жедел жиналысқа шақыратындарын жариялады.

Халей БҰҰ Бас ғимаратында ұйымдастырған баспасөз жиналысында Иран халқының «үкіметтің қысымын протест ету үшін» батылдықпен көшеге шыққанын атап, наразылықтарға қолдау бергендерін білдірді.

Елдегі протесттердің шетелдік күштер тарапынан бағытталмағанын және халықтың өз еркімен көшеге шыққанын атап көрсеткен Халей «Иран халқының бұл үлкен батылдығын құрметтейміз» деді.

Халей Иран үкіметінің «тарихта өз халқын қыру қылығы бар екенін» алға тартып, Иранда жалғасып жатқан наразылық шерулерімен байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жедел жиналысқа шақыратындарын білдірді.

Басқа жағынан Ақ Үй мәлімдемешісі Сарах Сандерс 2018 жылдың алғашқы баспасөз жиналысында салмақты түрде Иранда жалғасып жатқан протест шерулерімен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

АҚШ әкімшілігінің ереуілшілердің сөз еркіндігі құқығын қолдануына берген қолдауға назар аударған Сандерс «АҚШ Иран халқына қолдау беруде. Режимге өз азаматтарының бейбіт жолмен өзгеріс талабын тілге тиек ету негізгі құқығын құрметтеуге шақырамыз» деді.

Ирандағы режимнің халықтың қажеттіктерін қамтамасыз етудің орнына «террорға қолдау бергенін» алға тартқан Сандерс «Иран халқы күнделікті тіршіліктерінде артып отырған сыбайлас жемқорлыққа қатты ашулы. Адамдар қылмыс пен қақтығысқа араласқан, басшылар жасаған қателіктердің беделін төлеуден шаршаған. Барлық осылардың нәтижесінде батыл ирандықтардың өз еріктерімен ортаға шыққан жаппай көтерілгендерін байқаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар