Атақты футболшы Либерияда мемлекет басшысы болуға дайындалады

Атақты футболшы Джордж Веа (George Weah) Либерия мемлекет басшысы болуға дайындалады

877618
Атақты футболшы Либерияда мемлекет басшысы болуға дайындалады

Африкандық бұрынғы атақты футболшы Джордж Веа (George Weah) Либерия мемлекет басшысы болуға дайындалады.

Италия футбол клубы Миланның аты аңызға айналған голшысы, 1995 жылы Алтын допты алған тұңғыш африкандық футболшы еді.

Францияның Монако және Париж Сан-Жермен клубтарында форма киген Веа Либерия мемлекет басшысы болуға дайындалуда.

10 қазан күні болып өткен елбасы сайлауының алғашқы турында ең көп дауысты жинаған үміткерлердің бірі ретінде 51 жасар бұрынғы футболшы 26 желтоқсан күні болып өткен екінші тур сайлауында биліктегі партияның үміткері мемлекет басшысының орынбасары Джозеф Нуман Боакаймен жарысты.

Атақты футболшы бейресми сайлау қорытындысына қарағанда жеңіспен шықты. Ресми қорытындының 2 күннен кейін жариялануы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар