Ирак Қытайдың ‘Junhua’ мұнай фирмасымен келісім жасады

Ирак мұнай министрі Джеббар Луайби Қытайдың ‘Junhua’ мұнай фирмасымен 5 жылдығына келісім жасалғанын мәлімдеді.

Ирак Қытайдың ‘Junhua’ мұнай фирмасымен келісім жасады

Ирак мұнай министрі Джеббар Луайби бас қала Бағдаттағы министрлікте баспасөз жиналысы өткізді. Луайби «Бағдаттағы мұнай орындарын жетілдіріп, күніне 40 мың баррель мұнай өңдеу күшіне ұласу үшін Қытайдың ‘Junhua’ мұнай фирмасымен 5 жылдығына келісім жасалды» деді.

Қытайлық фирманың мұнай орны бар аймақта сондай-ақ тұрғын аймағы құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратынын атап көрсеткен министр осыған қоса поликлиника, мектеп және бала бақшаның да аталмыш фирма тарапынан салынатынын білдірді.

Экономикасы толығымен мұнайға сүйенген Ирак өңдеген күндік 4,5 миллион баррель мұнайдың шамамен 3,5 миллион баррелін экспорттайды.



Ұқсас жаңалықтар