АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жалғыз қалды

Иерусалим жобасына қарсы шыққан ел АҚШ 15 мүшелі кеңесте жалғыз қалды.

871151
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жалғыз қалды

Түркияның басшылығымен Мысыр тарапынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰҚК) күн тәртібіне әкелінген Иерусалим жобасы дауысқа салынды. Иерусалим жобасына қарсы шыққан ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ) 15 мүшелі кеңесте жалғыз қалды.

15 мүшелі кеңесте 14 елдің ұсынылған Иерусалим жобасына қолдау беруі АҚШ жариялаған шешімді халықаралық қоғамның қолдамағанын ортаға қойды.

Дауыс беруде сөйлеген АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Тұрақты өкілі Никки Халлей АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған Иерусалим шешімін қолдағанда, қазіргі тұғырдың бір қалыпты қорғалатынын тілге тиек етті.

Палестинаның БҰҰ тұрақты өкілі Рияд Мансур жасаған баяндамада «Бұл шешіммен Иерусалиммен байланысты ешнәрсе өзгермейді. Иерусалим әрқашан Палестинаның жүрегі ретінде сақталады» деді.

АҚШ-тың шешімін «провокация» деп бағалаған Мансур «аталмыш шешім бүгінгі дауыс беруде тағы бір рет халықаралық қоғам алдында қабылданбады» деді.

Мысырдың БҰҰ Тұрақты өкілі Амр Абдүллатиф Абдулатта болса жобаны неліктен күн тәртіпке әкелгендерін мәлімдеді. Абдулатта АҚШ-тың Иерусалимнің нақты мәртебесіне ықпал ететін бұл қадамның қабылданбайтынын тілге тиек етті.

БҰҰҚК-не ұсынылған және «АҚШ-тың Иерусалимді ‘Израильдің астанасы’ деп тануы» шешімін тиісті БҰҰ қарарларына қарама-қайшы болғаны себепті «заңдық тұрғыдан өтімсіз» болып қабылдануын қамтыған жоба АҚШ тарапынан вето етілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар