"АҚШ бейбітшілік процесінде орын алмауы керек"

Махмут Аббас саммитте сөз сөйледі.

867665
"АҚШ бейбітшілік процесінде орын алмауы керек"

Палестина Америка Құрама Штаттарының Израиль-Палестина бейбітшілік процесінде орын алуына рұқсат бермейді.

Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас Түркияда өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты.

Аббас осында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындауына байланысты: «АҚШ енді Израиль мен Палестина арасындағы бейбітшілік процесінде бітімгерлік қасиетінен айрылып қалды.  АҚШ-тың болашақта бейбітшілік процесінде орын алуына рұқсат бермейміз» деді.

«Барлық күш-қуатымызбен басқыншылық астындағы Палестинаның мемлекет ретінде танынуы үшін жұмыстануымыз керек» деген Аббас Иерусалим Палестинаның астанасы болмайынша бейбітшілік пен тұрақтылық орнамайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар