Фенер православ патриархы Шығыс Иерусалимге барды
Фенер православ патриархы Варфоломей Иерусалим православ шіркеуі алдында Теофилос ІІІ тарапынан қарсы алынды.

Фенер православ патриархы Варфоломей Израиль қоршауындағы Шығыс Иерусалимге барды.
Иерусалимнің қорғандармен қоршалған бұрынғы қала аймағына Әл-Халил қақпасынан өтіп кірген Варфоломей осында Иерусалим православ шіркеуіне барды.
Шіркеу алдында Иерусалим православ патриархы Теофилос ІІІ тарапынан қарсы алынған Варфоломей бұрынғы қаланың көшелерінен жүріп, Ақыр заман шіркеуіне (Қасиетті қабір шіркеуі) өтті.
Бартоломей сапары барысында Иерусалимде христиандардың ең қасиетті орындарының бірі Ақыр заман шіркеуінің қоңырауын қақты.
Фенер православ патриархы шіркеуде Әзірет Иса пайғамбардың жуып жерленгені алға тартылған жайларды аралады.
Бартоломейдің сапары аяқталғанша патриарх Теофилос ІІІ серіктес болды.
Фенер православ патриархы Варфоломейге Израильдің Иерусалим Иврит Университеті тарапынан құрметті доктор атағы беріледі.
Ұқсас жаңалықтар

Пәкістан үнді балықшыларды босатты
Пәкістан өзінің теңіз айдынына заңсыз кіргені себепті ұсталған 198 үнді балықшыны босатты.
Ресейлік күштер Днепр қаласына шабуылдады
Ресей күштердің Украинаның Днепр қаласына жасаған зымыран шабуылынан 13 адам жарақат алды.