PYD/YPG Сирияның солтүстігін қару қоймасы сияқты қолдануда

CENTCOM берген қарулар террор ұйымының басқыншылығындағы 13 бөлек аймақта салынған қоймаларда сақталады.

859505
PYD/YPG Сирияның солтүстігін қару қоймасы сияқты қолдануда

Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мен Сириядағы тармағы PYD/YPG Сирияның солтүстігін қару қоймасы сияқты қолдануда.

АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы «CENTCOM» берген қарулар террор ұйымының басқыншылығындағы 13 бөлек аймақта салынған қоймаларда сақталады.

Ұйым тарапынан қарулар қойылған қоймалар мен тасымалдау бағыттары анықталды.

Террор ұйымы АҚШ-тың әскери жәрдемдерін Сирия-Ирак шекарасындағы Симелка қақпасы, Хасекеде құрған Рүмейлан мен Алеппоның шығысындағы Хараб Ышк базаларынан алады.

Оқ-дәрілер әуеден және құрлықтан тасымалдануда. Белгіленген ең үлкен қару қоймалары болса Хараб Ышк және солтүстік шығысындағы Челебийедегі негізгі қоймалары.

Халебтің Африн ауданында террор ұйымына тиесілі оқ-дәрі мен зымыран өндіріс орындарына қоса шойын кәсіпорындарында зеңбірек оғы өндірілуде.

Аймақтағы АҚШ базалары да қару-жарақ қоймасы.

АҚШ қауіпсіздік мекемелері әскери жәрдем қамдауға қоса, шамамен 2 мың әскер мен 10 бөлек жерде террор ұйымымен белсенді байланыста.

Көпшілігі Ирак шекарасынан Алеппоға дейін созылған M4 автожолы үстіндегі базалар да террор ұйымына қару жеткізген орындар арасында.

Сирияда террор ұйымы PYD мен PKK-ның қолында көптеген ауыр қару АҚШ өндірісі анти-танк зымырандары, әскери және сауытты көліктері бар.



Ұқсас жаңалықтар