Еуропада мұсылмандардың саны артуда
Бұған себеп – босқын текті мұсылмандар арасындағы туу көрсеткішінің жоғары болуы және жаңа көш.
Бұған себеп – босқын текті мұсылмандар арасындағы туу көрсеткішінің жоғары болуы және жаңа көш.
Вашингтондағы PEW зерттеу орталығының зерттеу нәтижесіне қарағанда, Германияға көш «орташа жылдамдықпен» жалғасқан жағдайда, бүгінгі таңда 6 пайыз болған мұсылман халық саны екі есе артып, 2050 жылы 11 пайызға жетеді.
Германияға әртүрлі көш тоқтаса да мұсылмандардың құрлықтағы халық санының 9 пайызы болатыны жолжалуда. Ал көш жылдамдығы 2014-2016 жылдардағыдай болса, онда 2050 жылы Германия халқының 20 пайызы мұсылман болмақ.
Зерттеуге қарағанда Германиядағы мұсылмандардың жас орташасы 31, ал мұсылман еместердің жасы орташа – 47.
Еуропада мұсылмандар арасындағы туу көрсеткіші де мұсылман еместермен салыстырғанда жоғары. Оңтүстік Азия текті көптеген мұсылман өмір сүретін Ұлыбританияда мұсылман әйелдің жеке басына бала саны 2,9 деп есептеледі. Ал мұсылман емес бір әйелдің бала саны болса – 1,8.
Ұқсас жаңалықтар
"Құқығымыз толық қорғалмайынша тұрақтылық болмайды"
Хайе Израильдің Газа секторындағы қырғынының бірінші жылдығына арналған бейне үндеу жариялады.