Дәрілердің 11 пайызы жасанды

ДСҰ 48 мың дәріні сынақтан өткізді.

859218
Дәрілердің 11 пайызы жасанды

Бүкіләлемдік Денсаулықты сақтау ұйымы кедей және даму жолындағы елдерде сатылған дәрілердің шамамен 11 пайызының жасанды екенін мәлімдеді.

Безгек және өкпе қабынуынан туындаған бала өлімдерінің көбінің жасанды немесе стандарттарға жатпайтын дәрілерден болатыны білдірілді.

Ағылшын ғалымдар Бүкіләлемдік Денсаулықты сақтау ұйымы атынан зерттеу жүргізіп,  әлем көлемінде 48 мың дәріні сынақтан өткізді, 100-ден астам анализді қайта тексерді.

Анализдерде дәрілердің 11 пайызының бақылау органдарынан рұқсат алмағаны,  сапа стандарттарынан төмен екені немесе құрамында жазылған материалдың болмағаны анықталды.

Жасанды дәрілердің 60 пайызы безгек және бактерия инфекцияларын емдейтін дәрілерден тұрады.

Ұйым әлемде жасанды дәрілерге жылына 30 миллиар доллар ақша жұмсалғанын болжап отыр.



Ұқсас жаңалықтар