Жоғалған сүңгуір қайықты іздестіру жұмыстарына Ресей де қосылды

Ресей аймаққа бір іздеу құтқару кемесі мен маман тобы жібереді.

853575
Жоғалған сүңгуір қайықты іздестіру жұмыстарына Ресей де қосылды

Аргентинада 8 күннен бері із-түссіз жоғалған сүңгуір қайықты іздестіру жұмыстарына Ресей де қосылды.

Ресей президент Владимир Путин Аргентина елбасы Маурисио Макримен телефон шалып, жоғалған сүңгуір қайықты табу үшін жәрдем ұсынысы жасады.

Ресей аймаққа бір іздеу құтқару кемесі мен маман тобы жібереді.

44 экипажымен жоғалған сүңгуір қайықты іздестіру жұмыстарына араларында АҚШ және Ұлыбритания да бар 10-нан астам ел қатысуда.

Аргентина теңіз күштері мәлімдемешісі жүзбасы Энрике Балби іздеу жұмыстарының аса маңызды бір сатыға ұласқанын, сүңгуір қайықтағы оттегі жүйесінің тауысуына алаңдағандарын атап көрсетті.

Сүңгуір қайықта жарылыс болғаны жайлы қауесеттерге тоқталған Балби сүңгуір қайықтың жоғалған бірнеше сағаттың артынан аймақта жоғары бір дауыс анықталғаны жайлы хабардың тексерілгенін атап көрсетті.

Теңіз күштері қолбасшысы Карлос Завалла жоғалған сүңгуір қайықпен «байланыс проблемасы» бар екенін атап, экипаж жанұяларының үміттерін жоғалтпауларын талап етті.

Аргентина армиясына тиесілі «ASA San Juan» атты сүңгуір қайықтан 15 қараша күнінен бері хабар жоқ.

Электр жүйесінің бұзылғанын хабарлаған сүңгуір қайықпен бас қала Буэнос-Айрестің 250 шақырым оңтүстігіндегі базаға кері оралған кезде жағалаудан 430 шақырым қашықтықта рация байланысы үзілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар