АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия Сирияны айыптады

Сирияның Хан Шейхун аймағындағы химиялық қару шабуылына Асад режимінің жауапты екенін жарияланды.

АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия Сирияны айыптады

АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия ортақ жазбаша мәлімдемемен Сирияның Хан Шейхун аймағындағы химиялық қару шабуылына Асад режимінің жауапты екенін жариялады.

АҚШ Сыртқы істер министрі Рекс Тиллерсон Сирияның Идлиб қаласына қарасты Хан Шейхун ауданына 4 сәуір күні жасалған химиялық қару шабуылымен байланысты Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон, Франция Сыртқы істер министрі Ле Дриан және Германия Сыртқы істер министрі Сигмар Габриель жазбаша ортақ мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде БҰҰ мен Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы (OPCW) тарапынан құрылған және Сирияда химиялық қару қолданысын тергеу қызметі (JIM) 4 сәуір күні Хан Шейхундағы химиялық шабуылымен байланысты тергеудің нәтижеленгенін жариялады.

«Сирияда химиялық қару қолданысын тергеу қызметі жариялаған қорытындыға толық сенеміз» деп басталған мәлімдемеде «Сирия режимі Химиялық қару келісіміне қоса халықаралық заңды бұзды. Бұл қасақана шабуылды айыптаймыз және Сирия режимінің тез арада барлық химиялық қару қолданысын тоқтатып, қаруларды Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымына білдіруін талап етеміз» делінді.

Мәлімдемеде 2016 жылы қыркүйек айында Алеппо маңында орын алған Ум-Хуш аймағындағы зарин газы шабуылына террор ұйымы ДАИШ-тің жауапты екені атап көрсетілген.

Хан Шейхун аудан орталығына жасалған химиялық қару шабуылында 100 жазықсыз адам қаза тауып, 500 адам да улы газдың ықпалынан науқастанған болатын.

Он мыңдаған адам өмір сүрген Хан Шейхунда жазықсыз адамдардың көпшілігі аймақтың химиялық қару шабуылдарымен ластануы және улану рискіне қарсы үйлерін тастап кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар