Сауд Арабиясы әйелдердің стадиондарға кіруіне рұқсат береді

Сауд Арабиясы әйелдерінің стадиондардағы спорттық шараларға 2018 жылдан бастап кіре алатыны жарияланды.

836758
Сауд Арабиясы әйелдердің стадиондарға кіруіне рұқсат береді

Сауд Арабиясы әйелдерге алдағы жылдан бастап үш үлкен қаладағы стадиондарға кіруге рұқсат берілетінін жариялады.

Спорт басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Эр-Рияд, Джидда және Даммам қаласындағы стадиондарда ұйымдастырылған спорттық іс-шараларға әйелдер, 2018 жылдан бастап, кіре алатын болады.

Елдегі стадиондар тек қана еркектер кіре алған алаңдардың бірі еді.



Ұқсас жаңалықтар