Сирия режимінің химиялық қару қолданғаны дәлелденді

Никки Хейли «кейбір елдер әлі де режимді қорғауға тырысуда» деді.

835163
Сирия режимінің химиялық қару қолданғаны дәлелденді

Никки Хейли «кейбір елдер әлі де режимді қорғауға тырысуда» деді.

Сирияда 4 сәуірде 100 адам қаза тапқан химиялық шабуылды режимнің ұйымдастырылғаны айқындалды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Химиялық қарауларға тыйым салу ұйымы тарапынан құралған және Сирияда химиялық қару қолдануды зерттеген ортақ тергеу миссиясы 4 сәуірде Ибдибке қарасты Хан Шейхун қалашығындағы химиялық қару шабуылының Сирия режимі тарапынан жасалғанын жариялады.

Сирияда химиялық қару қолдануды зерттеген ортақ тергеу миссиясы Хан Шейханда мөлшермен 100 адамның қаза табуына себеп болған химиялық қару шабуылы жөнінде Сирия режимін жауапкершілікке тартты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясы жүргізілген тергеуден кейін «Хан Шейханда Сирия режимі тарапынан химиялық газ қолданылғаны айқындалды» деді.

Америка Құрама Штаттарының БҰҰ тұрақты өкілі Никки Хейли тақырыпқа байланыста дайындалған рапортынан кейін  Асад режимінің химиялық қару қолданылғанының ұзақ уақыттан бері баршаға айын бір шындық екенін білдіріп, «кейбір елдер әлі де режимді қорғауға тырысуда» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар