Ресей БҰҰ шешім жобасын вето етті

Ресей Сирияда химиялық қару қолданылуын тергеу қызметінің міндет мерзімін ұзарту жайлы ұсынысты вето етті.

833830
Ресей БҰҰ шешім жобасын вето етті

Ресей Сирияда химиялық қару қолданылуын тергейтін Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің міндет мерзімін ұзартуды талап еткен шешім жобасын вето етті.

АҚШ тарапынан дайындалған Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы тарапынан (OPCW) құрылған және Сирияда химиялық қару қолданысын тергейтін ортақ тергеу қызметінің міндет мерзімін ұзартумен байланысты жобаның дауысқа салынуының артынан мәлімдеме жасаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы және Франция өкілетті елшісі Франсуа Делетра дауыс беруде 11 қабылдау, 2 қарсы және 2 қалыс дауыс шыққанын білдірді.

Жобаға Ресейге қоса уақытша мүшелердің бірі Боливияда қарсы шықты. 11 мүше мемлекет жобаға қолдау берсе, Қытай мен Қазақстан қалыс қалды.

Тақырыппен байланысты мәлімдеме жасаған Ресейдің БҰҰ Тұрақты өкілі Василий Небензия қызметтің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынатын 4 сәуір күнгі Идлибке қарасты Хан Шейхун ауданындағы шабуылда химиялық қару қолданылғаны жайлы қауесетіне рапортты көргілері келгенін атап, «26 қазан күнгі рапорттың жариялануының артынан қызметтің міндет мерзімін созу тақырыбын қайта қарауға дайынбыз» деді.

Мәскеу әкімшілігі сәуір айында Хан Шейхунда жасалған және 80 адам қаза тапқан химиялық шабуылдан бастап, Сириядағы химиялық шабуылдармен байланысты ауқымды зерттеу жүргізу шақыруын қайталады.



Ұқсас жаңалықтар