Франция президенті Барзаниге телефон шалды

Әңгіме барысында Эрбиль мен Бағдат арасындағы дағдарыс қолға алынды.

833075
Франция президенті Барзаниге телефон шалды

Франция президенті Эммануэль Макрон Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі төрағасы Месуд Барзаниге телефон шалып, Эрбиль мен Бағдат арасындағы дағдарысты шешу үшін келіссөз шақыруы тастады.

Барзанидің кеңсесінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Макрон әңгіме барысында Эрбиль мен Бағдат арасындағы дағдарысқа алаңдағанын тілге тиек етті. Кезкелген бір қақтығыс шықпауы үшін екі тараптың да қазіргі тұғырларына көз жүгіртуін талап еткен Макрон мәселелердің шешімі үшін ең жақсы жолдың келіссөз екеніне назар аударды.

Барзани болса Макронмен Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі мен Ирак үкіметі арасындағы соңғы оқиғалар жайлы ақпарат бөлісті.

Мәлімдемеде Франция президенті Макронның екі тарап арасындағы мәселелердің келіссөз арқылы шешімі үшін күш жұмсайтынын атап көрсеткені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар