Испанияда соғыс ұшағы құлады

Мадридтегі «Torrejon de Ardoz» әуе базасы маңында бір әскери ұшақтың құлауы салдарынан ұшқыш қаза тапты.

828842
Испанияда соғыс ұшағы құлады

Испанияның бас қаласы Мадридтегі «Torrejon de Ardoz» әуе базасы маңында бір әскери ұшақтың құлауы салдарынан ұшқыш қаза тапты.

Испания хабар агенттігі «EFE»-нің Қорғаныс министрлігі ақпарат көздеріне сілтеген хабарында F-18 соғыс ұшағының жергілікті уақытпен сағат 11:00-де «Torrejon de Ardoz» әуе базасы маңында құлағаны атап көрсетілді.

Ұшақтың құлау себебі әлі белгісіз болса да оқиғамен байланысты тергеу ашылатыны жарияланды.

Испанияда 12 қазан күні де ұлттық мерекеге орай ұшып жатқан «Eurofighter» типі әскери ұшақ «Albacete»-дегі әуе базасына оралған кезде құлап, 34 жасар ұшқыш қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар