Суданда түрік тіліне қызығушылық артты

Юнус Эмре Институты Хартум мәдениет орталығында ашылған түрік тілі курстарына 3 мың адам жазылды.

826313
Суданда түрік тіліне қызығушылық артты

Юнус Эмре Институты Хартум мәдениет орталығында ашылған түрік тілі курстарына 3 мың адам жазылды.

Хартум мәдениет орталығының директоры Фейзулла Бахчи елде бір жылдан бері қызмет беріп келе жатқандарын айтып,  соған қарамастан қызығушылықтың мол екенін білдірді.

Бахчи 2016 жылдың қараша айынан бері 900 оқушы келгенін айтты.

«Судандықтар арасында түрік тілі көп таңдалған тіл болды.  Бізден түрлі орталардан сұраныстар келіп жатады.  Мысалы ресми мекемелер,  университеттер және жай халық түрік тілін үйренгісі келеді. Ешбір жарнама бермесек те түрік тілі сабақтарына 3 мың адам өтініш берді» деді ол.

Бахчи алғашқы сатыда осыншама адамға сабақ берудің мүмкін еместігін,  бірақ сұраныстарға оң жауап беруге тырысқандарын айтты.

Қазір Хартум мәдениет орталығында түрік тілінің 6 оқытушысы қызмет етеді.



Ұқсас жаңалықтар