Қыздардың 31 пайызы білім алудан мақұрым

Елдегі қақтығыстар жағдайды ушықтырып отыр.

825561
Қыздардың 31 пайызы білім алудан мақұрым

ЮНИСЕФ Йеменде қыз балалардың 31 пайызының білім алудан мақұрым екенін білдірді.

ЮНИСЕФ-тің Йемендегі өкілдігі әлеуметтік желіден жазбаша хабарлама жариялады.  «Елде қақтығыстардың жалғасуы білім деңгейіне көлеңке түсіреді және жағдайды одан сайын нашарлата түседі» деп айтылды.

Халықаралық ұйым өткен ай жасаған хабарламасында Йеменде 166 мыңнан астам мұғалімнің 2016 жылдың қазан айынан бері жалақы ала алмағанын,  елде 4,5 миллионнан астам оқушының да білім алуын жалғастыра алмағанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар