Францияда ауқымды ереуіл басталды

Ел көлеміндегі ереуіл түскі кезде басталды.

824076
Францияда ауқымды ереуіл басталды

Францияда 9 кәсіподақтың шақыруымен басталған ереуілге 5,4 миллион қызметкер қатысуда.

Ел көлеміндегі ереуіл түскі кезде басталды.

Ереуіл салдарынан кейбір мемлекеттік органдардағы қызмет пен жол қатынасы кешеуілдеді.

Әсіресе метро мен әуежайларда жұмыс істейтін қызметкерлер де қатысқан ереуіл салдарынан рейстердің 30 пайызы тоқтатылды.

Білім беру министрлігі де мұғалімдердің 17,5 пайызының ереуілде екенін білдірді.

Елдегі кейбір лицейлерде де оқушылар барикада құрып,  ереуілге қолдау беріп отыр.

Ереуілге шығушылар үкіметтің бес жылда 120 мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығарғанын, жұмыс шарттарының қиындағанын айтып отыр.



Ұқсас жаңалықтар