Каталонияда жалпы халықтық ереуіл

Барселона футбол клубы да жаттығу өткізбейді.

819128
Каталонияда жалпы халықтық ереуіл

Испанияның шығысындағы Каталония автономиясында тәуелсіздік сұрайтын кейбір кәсіподақ пен үкіметтік емес ұйымдардың шақыруымен «Испания үкіметінің қысымы мен полицияның күш қолдануына» қарсы жалпы халықтық ереуіл басталды.

Каталонияда заңсыз деп жарияланса да,  1 қазан күні өткен тәуелсіздік үшін референдумнан екі күннен кейін болып отырған осы ереуіл жергілікті уақытпен сағат 06.30-да басталды.

Ереуілге байланысты қазір Каталонияда таксилер жүрмейді. Мектептің көбі жабық. Ашық мектептерде де сабақ өтпейді. Ауруханаларда да жедел оталар тысында дәрігерлер науқас қабылдамайды.

Ереуілге барлық секторлар қатысуда.

Каталонияның маңызды 12 автожолы көлік қатынасына жабылды. Барселонада кәсіподақтар,  студенттер мен өрт сөндірушілер шерулер ұйымдастырады.

Барселона футбол клубы да Каталониядағы тәуелсіздікті жақтайтын бастамаларға қолдау беріп отыр.  Клуб әкімшілігі ереуілге қосылатындарын,  кеңсені жауып, жаттығу жасамайтындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар