Макрон Еуропа Одағының әлсіз екенін айтты

Макрон Еуропа Одағының бүгін өте әлсіз, өте ақырын және өте ықпалсыз болғанын айтты.

Макрон Еуропа Одағының әлсіз екенін айтты

Франция Президенті Эммануэль Макрон Еуропа Одағының бүгін өте әлсіз, өте ақырын және өте ықпалсыз болғанын айтты.

Макрон астана Париждегі Сорбонна Университетінде жасаған баяндамасында Еуропа Одағының егемен, береке-бірлік ішінде және демократия болуы арқылы халықтардың қолдауына ие болуы керектігін баяндады.

Макрон «Еуропа Одағы бүгін өте әлсіз, өте ақырын және өте ықпалсыз» деген сөздер қолданды.

Еуропа Одағы елдеріне осы мәселені қолға алуы жөнінде үндеу тастаған Макрон 2019 жылы өткізілетін Еуропа Парламенті сайлауынан бұрын бір тізімнің белгіленуі және Еуропа Одағы депутаттарының жартысының осы тізім бойынша сайлануын өтінді.

Макрон Евро Аймағының Қытай және Америка Құрама Штаттарымен бәсекелесетін деңгейде әлемнің экономикалық күшіне айналдырылуы, сондай-ақ жұмыссыздық мәселелердің Еуропа Одағы елдерінде шешілуі керектігін де түсіндірді. 



Ұқсас жаңалықтар