БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ескертті

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирата референдум өткізудің аймақта тұрақсыздыққа әкеп соғуы мүмкін екенін айтып,  ескерту жасады.

811839
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ескертті

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің тәуелсіздік үшін референдум өткізуінің аймақта тұрақсыздыққа әкеп соғуы мүмкін екенін айтып,  ескерту жасады.

Қауіпсіздік кеңесінде барлық мүше елдердің бекітуімен қабылданған баспасөз мәлімдемесінде Ирактың солтүстігінде 25 қыркүйекте өткізілуі жоспарланған референдумға байланысты уайымдар атап көрсетілді.  Мәлімдемеде: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің аймақты тұрақсыздандыруы мүмкін бір жақты референдум жоспарына алаңдайды.  ДАИШ-пен күрес жалғасып жатқан бір кезеңде қабылданған референдум шешімі 3 миллионнан астам босқын және елінен қашқан адамдардың сенімді түрде оралуына көлеңке түсіреді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері Ирактың егемендігі,  территория тұтастығы және бірлігіне құрмет көрсетуін жалғастырады, орталық үкімет мен Ирак күрд аймақтық әкімшілігі арасындағы барлық проблемалардың тараптар арасында келісу арқылы шешуге шақырады» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар