Халықаралық мәселелерде сезімге берілмеген жөн

Путин сезімдерге беріліп Солтүстік Кореяны қиын жағдайға итермелемеу керектігін айтты.

802627
Халықаралық мәселелерде сезімге берілмеген жөн

Ресей президенті Владимир Путин сезімдерге беріліп Солтүстік Кореяны қиын жағдайға итермелемеу керектігін айтты.

Ресейдің Владивосток қаласында жалғасып жатқан «Шығыс экономика форумы» аясында Оңтүстік Корея мемлекет басшысы Мун Чжэ Инмен кездескен Путин «Халықаралық мәселелерде сезімге берілмеген жөн. Солтүстік Кореяны қиын жағдайға итермелемеу керек. Қазір баршаның байсалды түрде тұғыр көрсеткені абзал. Дағдарыстарды ушықтыратын қадамдардан аулақ тұру керек» деді.

Ресейдің осы тақырыпқа байланысты Қытаймен ортақ жол картасын  белгілегенін түсіндірген Путин барлық тараптарға осы жол картасына назар аударуы керектігі жөнінде үндеу тастады,

Путин Пхеньянның зымыран бағдарламасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі шешіміне қайшы болғаны себепті Ресейдің Солтүстік Кореяның адамдық мәртебесін танымағанын да айтты. 



Ұқсас жаңалықтар