Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жедел жиналысқа шақырды

Ұлыбритания Аракандағы қырғынды талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жедел жиналысқа шақырды.

798657
Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жедел жиналысқа шақырды

Ұлыбританияның БҰҰ Тұрақты өкілі Метью Рисфорд әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде Мьянманың Аракан уәлаятындағы оқиғаларды талқылау үшін шақыру жасағандарын атап көрсетті.

Рисфорд «Ұлыбритания Мьянмадағы жағдайды қолға алу үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шақыру жасады. Араканда ұзақ уақыттан бері жалғасқан мәселелерді қолға алу керек» деді.

Кеңестің тақырыпты бүгін қолға алуы күтіледі, бірақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі әкімшілігінен қазірге дейін жиналыспен байланысты ресми мәлімдеме келмеді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш кеше жасаған мәлімдемеде Мьянманың Аракан уәлаятында «қауіпсіздік операциясы» кезінде жазықсыз адамдардың өлтірілуінің уайымдарды арттырғанын жариялаған болатын.

25 тамыз күні полиция бақылау пункттеріне жасалған шабуылдардың артынан Мьянма қауіпсіздік күштерінің мұсылмандарға бағытталған ауқымды операцияларында көптеген жазықсыз адам қаза тауып, баспаналарын тастап кетуге мәжбүрленген болатын.



Ұқсас жаңалықтар