Зиянды жұмыртқалар Венгрияда да кездесті
Инсектицид жұққан жұмыртқалар Венгрияда да табылды.

Еуропа Одағына мүше 15 елмен қоса Швейцария, Гонгкок және Оңтүстік Кореяда кездескен инсектицид жұққан жұмыртқалар Венгрияда да табылды.
Венгрия Ұлттық азық-түлік қауіпсізді кеңсесінің хабарламасында инсектицид жұққан жұмыртқа немесе осы жұмыртқалардан жасалған өнімдердің елде де кездескені айтылды.
Аталмыш өнімдердің Германиядан импортталғаны атап көрсетілген хабарламада Егіншаруашылығы министрлігінің елге кірген жұмыртқа мен жұмыртқа қосылған өнімдерді тексеретіні, тексерудің айдың аяғына дейін жалғасатыны айтылды.
Еуропа Одағы инсектициді бар жұмыртқа немесе осы жұмыртқа қосылған өнімдерді 15 елмен қоса Швейцария және Гонгкоктың да алғанын білдірген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Кейбір елдерде вирустың жағдайы
Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 152 мың 456-ға ұласты.