Инсектицид жұққан жұмыртқалар Оңтүстік Кореяда да табылды

Министрлік жұмыртқа өндіруге тыйым салды.

790288
Инсектицид жұққан жұмыртқалар Оңтүстік Кореяда да табылды

Инсектицид жұққан жұмыртқалар Оңтүстік Кореяда да табылды.

Еуропа Одағына мүше 15 елмен қоса Швейцария және Гонгконгта кездескен инсектицид жұққан жұмыртқалар Оңтүстік Кореядан да шықты.

Yonhap агенттігі бас қала Сеулдің шығысында 80 мың тауық бар бір шаруашылықта кейбір жұмыртқаларда бит, кене және жәндіктерді жою үшін қолданылған фипронил кездескені анықталғанын білдірді.

Министрлік осы тақырыпта тергеу жүргізу мақсатымен елде 3 мыңнан көп тауығы бар шаруашылықтарға жұмыртқа өндіруге тыйым салды.

Еуропаны шайқаған жұмыртқаға байланысты Германия, Бельгия және Голландияда ортаға шыққан скандал басқа да ЕО елдеріне тараған еді.

Скандалдың орталығындағы фипронилдің әсіресе тауық шаруашылығында бит, кене және басқа да жәндіктерді жою үшін қолданылған дәрі болғанына қарамастан, Еуропа Одағында адамдар үшін өндірілген тауық секілді жануарларда қолданылуына да тыйым салынған.

Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы фипронилдің орта деңгейде зиянды материал екенін,  көп қолданылған жағдайда бүйрек, өкпе және кейбір бездерге зиян келтіретінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар