Шекараға шатыр құрды

АҚШ-тан кеткен босқындар үшін шекарада шатыр құрды.

787257
Шекараға шатыр құрды

Канада Трамп билігінің саясаты салдарынан АҚШ-тан кеткен босқындар үшін шекарада шатыр құрды.

Канада армиясы шатырларда шамамен 500 адамның тұруына болатынын білдірді.

Армия АҚШ шекарасына шатыр құрудың «төтенше жағдай шарасы» екенін атап көрсетті.  Осы жерде шамамен 100 әскер міндет атқаратын болады.

Канада соңғы кезде АҚШ-тан көптеген босқын келіп жатқанын және босқындардың көбінің гаитилік екенін білдірді.

Себебі 2010 жылғы жер сілкінісінен кейін АҚШ-та уақытша тұруға рұқсат берілген 60 мың гаитилік үшін мерзім биылғы жылдың аяғында аяқталады.

Канадалық лауазым иелері АҚШ президенті Дональд Трамптың көш саясатынан қорыққан мыңдаған Гаити азаматының Канадаға келу үшін өтініш бергенін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар