Түрік боксшының денесі табылды

Түрік боксшының денесі автожолға жақын орман алаңына тасталған.

776155
Түрік боксшының денесі табылды

Германияның Гамбург қаласында 23 маусым күні жоғалып кеткен түрік боксшы Тунахан Кесердің денесі табылды.

Түрік боксшының денесі автожолға жақын орман алаңына тасталған.

Неміс газетінің хабарына қарағанда 22 жасар түрік боксшының денесін жүк көлігі жүргізушісі тауып алған. 

Гамбургта тұратын Тунахан Кесер 23 маусым күні сол қалада жарысқа қатысатын еді. Алайда матч болмайтын болды. Сол күні түнде Еуропа чемпионы және Тунаханның жаттықтырушысы Хорен Геворды белгісіз кісілер аяғынан атып кетті.

Осы оқиғадан 17 сағаттан кейін жұмыстан шыққан Тунахан жоғалып кеткен еді.



Ұқсас жаңалықтар