Түркияның сауда кемесіне жасалған шабуыл айыпталды
Түркия Эгей теңізінде түрік сауда кемесіне шабуылдаған Грекияны қатаң түрде айыптады.

Түркия Грекия теңіз күзету жасақтарына қарасты әскери қайықтармен Эгей теңізіндегі түрік сауда кемесіне жасалған шабуылды айыптады.
Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Искендерун портынан Измит портына қарай жүзіп жатқан түрік текті «M/V ACT» атты жүк кемесіне Родос аралы маңында грек теңіз күзету қайығы тарапынан оқ атылғанын білдірді.
Мәлімдемеде «Екі түрік порты арасында жүк тасымалдаған сауда және қарусыз бір кемеге қай себептен болмасын шабуылдауының ешбір сылтауы болмайды. Жалғыз жұбанышымыз оқиға барысында ешкімге зиян келмеуі. Бұл опасыз оқиғада грек мекемелерінің негізгі хақтар мен адам өмірін жоққа санаған шексіз әрекетін қатаң түрде айыптап, ұқсас оқиғаның қайталанбауын қалағанымызды халықаралық қоғамға жеткізу қажет деп қабылдаймыз» делінді.
Ұқсас жаңалықтар

Газада қырғын соғыс басталғалы 500 күн болды
Газаның барлық инфрақұрылымы бұзылып, ауруханалардың барлығы дерлік қирады.

Марк Рютте Кит Келлогпен кездесті
АҚШ пен НАТО Украинада тұрақты бейбітшілік орнату үшін бірлесіп жұмыс істейтінін мәлімдеді.