Қару-жарақ келісімінің «жалған хабар» екені алға тартылды

Саудтар мен Трамп әкімшілігі жасаған 110 миллиард долларлық қару-жарақ келісімінің "жалған хабар" екені алға тартты.

747308
Қару-жарақ келісімінің «жалған хабар» екені алға тартылды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясы сапары кезінде жарияланған 110 миллиард долларлық қару келісімінің «жалған хабар» екені алға тартылды.

АҚШ-тың алдынғы қатарлы мекемелерінен Brookings Институт мамандарының бірі Брус Риедел 110 миллиард долларлық қару-жарақ келісімінің басқаша есептеулермен және көпшілігі алдынғы кезеңдерде жасалған келіссөздерді қамтығанын алға тартты.

Қорғаныс өнеркәсібі өкілдері және Конгресс мүшелерімен байланыстары нәтижесінде мұндай бір келісім жасалмағанын үйренгенін атап көрсеткен Риедел «Кіммен әңгімелессем ‘110 миллиард долларлық бір келісім жоқ. Осының орнына ізгі ниет пен тілектер көрсетілген бір қатар хат бар’ дейді. Қазірге дейін Сенаттың тиісті комитетіне бекітуге жіберілген кезкелген бір келісім жоқ» деді.

АҚШ Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде алға тартылған келісім «жоспарланған сауда» ерекшелігінде екенін атап көрсеткен Риедел «аталмыш» келісімнің мазмұнында орын алған кейбір сатулардың болса АҚШ-тың бұрынғы президенті барак Обама кезеңінде жасалған келісімдер екені алға тартылды.

Риедел «Саудтар мен Трамп әкімшілігі Саудтардың ‘ұсыныс тізімін’ және жасалуы ықтимал келісімдерді біріктіріп, келісім жасалғандай көрсетті. Сандық көрсеткіштердің өзі бір-бірімен сәйкес келмейді. Бұл хабар жалған» деді.



Ұқсас жаңалықтар