АҚШ-тық тыңшы Чельси Маннинг еркін жіберілді

АҚШ тарихының ең үлкен әскери тыңшылығын жасаған Чельси Маннинг 7 жыл түрмеде отырған соң еркін жіберілді.

734934
АҚШ-тық тыңшы Чельси Маннинг еркін жіберілді

Маннинг 2009 жылы Иракта қызмет еткен кезде міндеті ретінде құпия құжатттарға қол жеткізіп, 2010 жылы жүз мыңдаған әскери және саяси құжатты «Wikileaks» интернет парақшасына жіберген болатын.

Жағдай әшкереленген соң сотқа берілген Маннинг 2013 жылы 35 жылға сотталған болатын.

Түрмеде жынысын өзгерткен Маннинг Брэдли атын Чельси деп ауыстырды.

АҚШ президенті Барак Обама болса міндет мерзімі аяқтала бастаған кезде жаңғырық туғызған бұл тұтқынға кешірім жариялады.

Президенттік жарлығымен кешірілген Маннинг 7 жылдан кейін еркін жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар