"Еуропа мен Венгрияның қауіпсіздігі көбінесе Түркиямен байланысты"

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан теле арнаға мәлімдеме жасады.

732968
"Еуропа мен Венгрияның қауіпсіздігі көбінесе Түркиямен байланысты"

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуропаның және елінің қауіпсіздігінің көбінесе Түркиямен байланысты екенін атап көрсетті.

Қытай Халық Республикасының бас қаласы Пекинде ұйымдастырылған Халықаралық ынтымақтастық үшін «Бір белдеу – бір жол» форумына қатысқан Венгрия премьер-министрі Орбан елінің мемлекеттік арнасына форум жайлы көзқарастарын бөлісті.

Форумда президент Режеп Тайып Ердоғанмен де басқосқанын атап көрсеткен Орбан Венгрия және Түркияның жақсы ынтымақтастыққа ие болуының елінің ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан мүдделері екеніне назар аударды.

Орбан «Президент Режеп Тайып Ердоғанды әрқашан құрметтейміз. Еуропа мен Венгрияның қауіпсіздігі көбінесе Түркиямен байланысты. Өйткені Түркия бүгін тұрақты бір ел және заңсыз көштің алдын алуда. Түрік-венгр ынтымақтастығының жақсы болуы Венгрияның ұлттық қауіпсіздігінің бір үзігі» деді.



Ұқсас жаңалықтар