Франция президенті Германияға барды

Францияның жаңа президенті Эммануэль Макрон шетелге тұңғыш сапарын Германияға ұйымдастырды.

733025
Франция президенті Германияға барды

Францияның жаңа президенті Эммануэль Макрон шетелге тұңғыш сапарын Германияға ұйымдастырды.

Германия канцлері Ангела Меркель Макронды премьер-министрлікте әскери рәсіммен қарсы алды.

Екі басшы оңаша басқосты. Басшылардың күн тәртібінде Еуроодақтың болашағы, босқын мәселесі және экономикалық саясаттар орын алды.

Екі басшы кездесудің артынан ұйымдастырған ортақ баспасөз жиналысында жаңа кезеңде жақын ынтымақтастық жолдамасы жасады.

«Тарихты қайтадан реттеу» шақыруы жасаған Макрон Еуроодақ келісімдерінің бір қажет жағдайда түрлендіріле алатынын атап көрсетті.

Макрон Германиямен бірге бірнеше айдың ішінде реформалар дайындап жол картасын іске қосатындарын, Еуроодақта одан аз бюрократия мен одан көп жасампаз болуды талап еткендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар