АҚШ-та мұсылмандарға бағытталған шабуылдар 50 пайыз артты

Американ-Ислам қатынастары кеңесі мұсылмандарға жасалған шабуылдар жайлы рапорт жариялады.

729419
АҚШ-та мұсылмандарға бағытталған шабуылдар 50 пайыз артты

Американ-Ислам қатынастары кеңесі (CAIR), АҚШ-та өткен жылы мұсылмандарға бағытталған шабуылдардың 50 пайыздан астам артқанын білдірді.

АҚШ-тағы ең үлкен мұсылман азаматтық қоғамы болған CAIR, «Жек көрудің артуы» тақырыпты жариялаған рапортында 2014- 2016 жылдары арасында АҚШ-тағы мұсылмандарға бағытталған шабуылдарды бағалады.

Рапортта өткен жылы мұсылмандарға бағытталған шабуылдардың 2015 жылымен салыстырғанда 57 пайыз артқанын атап көрсетті.

CAIR-дің «Исламофобия қадағалау және күрес» департаменті басшысы Корей Сайлор рапортпен байланысты жазбаша мәлімдемеде Трамп әкімшілігіне назар аударып, «Жаңа әкімшілік елдегі азсандыларды қорғау тұрғысынан одан көп қадам басу керек» деді.

Сайлор «Елімізде әсіресе сайлау науқанымен басталған және кейін жылдам асқынған азсанды дұшпаны сөйлемдерге қарсы әкімшілігіміздің одан абай болу керектігін байқаймыз» деді.

Рапортқа қарағанда назар аударарлық тағы бір жайт Федералдық тергеу бюросының (FBI) мұсылмандарды нысанаға алуы.

CAIR рапортында 2015 жылға қарағанда FBI-дың мұсылмандарды 15 пайызға одан көп тергегені атап көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар